01info.kz- ақпараттық портал

«Спорт пен білім қатар жүруі тиіс»: Василий Левиттің жастарға айтқан кеңесі

фото: astana/press/news
0 33

Астанадағы №35 Нәзір Төреқұлов атындағы мектеп-лицейінде Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, қазіргі қалалық Спорт басқармасының басшысы Василий Левит оқушылармен кездесті, деп хабарлайды 01info.kz елорда әкімдігі  сайтына сілтеме жасап.

. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған шарада даңқты боксшы өзінің спорттық жолы мен білімнің маңыздылығы туралы әңгімелеп берді.

В. Левит жастарға кәсіби спортпен қатар сапалы білім алудың қажеттілігін баса айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. Оқушылар тарапынан қойылған Олимпиададағы даулы финал туралы сұраққа ол: «Бұл мәселе мен үшін жабық, мен ресми түрде күміс жүлдегермін және өткен іске өкінбеймін», — деп жауап берді. Сондай-ақ, ол жетістікке жетудің басты кепілі — дұрыс мақсат қою мен режим сақтау екенін атап өтті. 2021 жылы карьерасын аяқтаған спортшы кездесу соңында оқушыларға қолтаңба беріп, естелік суретке түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.