01info.kz- ақпараттық портал

Smart Data Finance: Қаржы ағындары толық бақылауға алынады

фото: stock.adobe.com
0 18

Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет жиынында Қазақстан экономикасындағы «көлеңкелі» айналымды жүйелі түрде азайтудың жаңа кезеңі жарияланды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика үлесі 16,71%-ға дейін қысқарып, әсіресе ішкі сауда, білім беру және ауыл шаруашылығы секторларында оң динамика байқалды.

Ендігі кезекте мемлекет шашыраңқы салалық жол карталарынан бас тартып, жасанды интеллект пен Smart Data Finance жүйесіне негізделген бірыңғай цифрлық платформаны қамтитын Кешенді жоспарға көшуді көздеп отыр. Бұл платформа салық, кеден және еңбек жүйелерінің деректерін өзара салыстырып, «сұр» схемаларға бейім осал тұстарды автоматты түрде анықтауға, сондай-ақ цифрлық теңге мен цифрлық ҚҚС тетіктерін қолдану арқылы қаржылық ағындардың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сауда саласындағы баға белгілеуді реттеу үшін көтерме сатып алудың жаңа стандарттары енгізілмек. Жиын соңында Серік Жұманғарин мемлекеттік органдарға бір ай мерзімде нақты цифрлық шешімдерге негізделген жаңа Кешенді жоспарды әзірлеуді жүктеді.

Дереккөз: primeminister.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.