Шымкент қаласындағы Достық үйінде «Светоч» халық хорының 15жылдық мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті, деп хабарлайды 01info.kz ҚХА баспасөз қызметін сілтеме жасап.
Салтанатты шараға Шымкент қаласының«Қоғамдық келісім» КММ-нің басшы орынбасары Наталья Романова, облыстық славян бірлестігінің төрайымы Марина Лимаренко, хордың негізін қалаушылардың бірі Александр Александрович Коротков, хор «Ардагер» мүшелері, Түркістан облысы«Мирас» ардагерлер кеңесінің төрағасы Исмаил Аманкулов және мәдениет саласының өкілдері қатыстып, шығармашылық ұжымға табыс тіледі. Мерекелік кеш барысында казачий, славян, грек, белорус, қазақ халық әндері, романстар мен заманауи шығармалар орындалды.
Көрермендерге хордың этно-тобымен бірге дуэттер, трио, жеке орындаушылардың да өнері ұсынылды. Этно-топ мүшелері поляк және словак тілдеріндегі әндерді де орындады. Шара соңын да «Светоч» хоры елге деген сүйіспеншілік білдіретін «Земля Казахстана» және «Гүлдене бер, туған жер» әндерін орындап,көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Айта кетейік, «Светоч» хоры2009 жылы славян этномәдени орталығы мен шымкенттік қазақтар қауымдастығының біріктірілген шығармашылық тобы ретінде құрылған. Кейіннен ұжымға «Светоч»деген қысқа атау берілген. Бүгінде құрамында 42 жастан 92 жасқа дейінгі 26қатысушы бар.