Шымкент қаласындағы Достық үйінде «Светоч» халық хорының 15жылдық мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті, деп хабарлайды 01info.kz ҚХА баспасөз қызметін сілтеме жасап.
Салтанатты шараға Шымкент қаласының«Қоғамдық келісім» КММ-нің басшы орынбасары Наталья Романова, облыстық славянбірлестігінің төрайымы Марина Лимаренко, хордың негізін қалаушылардың біріАлександр Александрович Коротков, хор «Ардагер» мүшелері, Түркістан облысы«Мирас» ардагерлер кеңесінің төрағасы Исмаил Аманкулов және мәдениет саласыныңөкілдері қатыстып, шығармашылық ұжымға табыс тіледі. Мереке
лік кеш барысындаказачий, славян, грек, белорус, қазақ халық әндері, романстар мен заманауишығармалар орындалды. Көрермендерге хордың этно-тобымен біргедуэттер, трио, жеке орындаушылардың да өнері ұсынылды. Этно-топ мүшелері полякжәне словак тілдеріндегі әндерді де орындады. Шара соңын
да «Светоч» хоры елге деген сүйіспеншіліктібілдіретін «Земля Казахстана» және «Гүлдене бер, туған жер» әндерін орындап,көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Айта кетейік, «Светоч» хоры2009 жылы славян этномәдени орталығы мен шымкенттік қазақтар қауымдастығыныңбіріктірілген шығармашылық тобы ретінде құрылған. Кейіннен ұжымға «Светоч»деген қысқа атау берілген. Бүгінде құрамында 42 жастан 92 жасқа дейінгі 26қатысушы бар.
Славян және қазақ әуезін тоғыстырған «Светоч» хоры 15 жылдығын атап өтті
Алдыңғы жазба