01info.kz- ақпараттық портал

Шымкентте «Тәуелсіз елдің болашағы – жастар» атты мерекелік концерт өтті

0 24

Достық үйінде Тәуелсіздік күніне ора Ассамблея жастарының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің болашағы – жастар» атты шара өтті. Іс-шараға Шымкент қ. ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Н.Әлімқұлов, қалалық ЭМБ белсенділері және қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды 01info.kz.

Шараның мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін дәріптеу, ұлттық мәдени мұраны насихаттау және ұрпақ сабақтастығын нығайту. Бағдарлама аясында жастардың тәуелсіз еліміздің дамуына қосқан үлесі көрсетіліп, өнер арқылы патриоттық сезімді қалыптастыруға назар аударылды.

Іс-шара «Ұрпақ сабақтастығы – Тәуелсіздік кепілі» атты поэтикалық-хореграфиялық композициямен ашылды. Сахнада студент-жастар еліміздің өркендеу жолы мен жетістіктерін бейнелеп, «Шамсинур» би ансамблі «Мереке» биін орындады.

Концерт барысында түрлі жанр мен бағыттағы шығармалар көрермен назарына ұсынылды. Ө.Жәнібеков ат. ОҚМПУ студенттері «Сән» театрының дефиле көрсетілімін өткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.