01info.kz- ақпараттық портал

Шымкентте кәсіпкерді бопсалап жүрген кім?

фото: time.kz
0 18

Шымкент қаласының полициясы жергілікті кәсіпкерден ірі көлемде ақша бопсалау фактісінің жолын кесті.

Тергеу барысында күдіктінің қоғамдық тамақтану орнына бірнеше рет келіп, нысанды бейнежазбаға түсіргені және кейін иесіне қысым көрсеткені анықталды. Ол түрлі уәкілетті органдар арқылы “тексеру ұйымдастырамын” деп қорқытып, кәсіпкерден 20 миллион теңге талап еткен.

Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция ескертеді: ешбір тұлға тексеру жүргіземін деп немесе ақпарат таратамын деп қорқытып, ақша талап етуге құқы жоқ. Мұндай жағдайға тап болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.

https://t.me/POLICE_of_KZ

Leave A Reply

Your email address will not be published.