Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында жүзеге асырылып отырған «30 қайырымды іс» жобасы шеңберінде Шымкент қаласында ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсетілді. Шараны «Әзербайжан мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып, жасөспірімдердің ой-өрісін дамытуға арналған түрлі сыйлықтар табыс етті.
Іс-шара барысында балалардың қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған материалдық қолдау мен отбасыларға моральдық қолдау көрсетілді. Мұндай қайырымдылық шаралары қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтуға, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және әр азаматтың қоғамға өз үлесін қосуына ықпал етеді.