01info.kz- ақпараттық портал

ШҚО Достық үйінде балаларға арналған жаңа жылдық шырша өтті

0 12

Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің балаларына, сондай-ақ қызметкерлердің балаларына арналған жаңа жылдық шырша

ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушыларға нағыз жаңа жылдық ертегінің әсерін сыйлады.

Жаңа жылға орай балаларға арналған қызықты әрі мазмұнды бағдарлама дайындалды. Оны «Teatr-All» Ассамблея Жастары жастар театрының әртістері өткізді. Бағдарлама барысында ойындар, байқаулар мен ертегі кейіпкерлерінің өнерлері ұсынылды.

Көрермен назарына интерактивті элементтері бар ерекше театрландырылған қойылым ұсынылды. Бүлдіршіндер байқауларға, билер мен мерекелік ойындарға белсенді қатысып, өз өнерлерін қуана көрсетті.

Іс-шара соңында балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Мереке кішкентай қонақтар үшін қуанышты сәтке айналып, жылы әсер, шаттық пен нағыз жаңа жылдық ғажайып сезім қалдырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.