Семей қаласындағы Водный кентінің тұрғыны “102” арнасына хабарласып, тұрғын үй ауласында елік жүргенін мәлімдеді.
Оқиға орнына жедел жеткен табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері жануардың сібір елігі екенін анықтады. Тексеру барысында еліктің артқы тұяғында жарақат іздері бар екені, сондай-ақ мойнында қарғыбау болғаны белгілі болды.
Елік уақытша күтіп-бағу және бақылау мақсатында Семей қаласының биологиялық орталығына тапсырылды.
Полиция қызметкерлері жабайы жануарларды заңсыз ұстау қолданыстағы заңнамаға қайшы екенін ескертеді. Сондай-ақ жарақат алған немесе әлсіреген жабайы жануарды байқаған жағдайда дереу полицияға немесе тиісті уәкілетті органдарға хабарлауға шақырады.
Дереккөз: https://t.me/POLICE_of_KZ