SCAT әуе компаниясының материалдық-техникалық базасы АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы зауыттан тікелей жеткізілген Boeing 737 MAX 8 үлгісіндегі екі жаңа әуе кемесімен толықты. Бұл – тасымалдаушы тарихында екі борттың бір мезетте қабылдануы алғаш рет тіркелген айтулы оқиға.
Жаңа ұшақтар 2026 жылы ашылған Шымкенттен Қарағанды, Қостанай, Бішкек, Новосибирск, Санкт-Петербург, Тюмень бағыттарына және Астанадан Ұлан-Баторға қатынайтын рейстерге қызмет көрсетіп, ұшу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Әуе кемелерін пайдалану стратегиясы Шымкент әуежайын еліміздегі ірі авиациялық хаб ретінде нығайтуға және жолаушылар үшін транзиттік мүмкіндіктерді арттыруға бағытталған. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің тұрақты бақылауындағы әуе паркін жаңарту жұмыстары отандық азаматтық авиация саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, ұшу қауіпсіздігі мен сервистік сапаны жаңа деңгейге көтермек.
дерекөз: https://t.me/kolikpress