Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Сайрам ауданында ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған маңызды әлеуметтік-мәдени нысан – «Достық үйі» пайдалануға берілді, деп хабарлайды 01info.kz.
Ашылу салтанатына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұ.Сәдібеков, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы партиялық фракция жетекшісі А.Үмбетәлиев, облыстық ҚДБ басшысының орынбасары Н.Сейтжанов, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Э.Жанғазиева, Сайрам ауданының әкімі М.Оразалиев қатысты.
Бүгінде халқы 242 мыңнан асатын Сайрам ауданында 39 этнос өкілі тату-тәтті өмір сүріп келеді. Ауданда 8 этномәдени орталық тұрақты жұмыс істейді.
Жаңа «Достық үйі» этносаралық келісімді нығайтып, қоғамдық бірлікті арттыруға, мәдени байланыстарды дамытуға қызмет ететін маңызды рухани әрі қоғамдық алаң болмақ.