Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен әлем чемпионатын күміс жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды 01info.kz.
Отандасымыз финалда алтын медаль үшін ресейлік Исмаил Муцольговпен жұдырықтасты. Жекпе-жек барысында Сабыржан Аққалықов белсенді қимыл көрсетіп, қарсыласына барынша көп соққы жұмсауға күш салды. Алайда, тартысты өткен айқас нәтижесінде ол қарсыласына жол беріп, күміс жүлдегер атанды.
Айта кету керек, бұған дейін Қазақстан қоржынына Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг) және Абылайхан Жүсіпов (71 кг) әлем чемпиондары атанған болатын.