Қазақстанда қызылша ауруының өршуі тіркелді. Жыл басынан бері 3 343 жағдай анықталған, оның 84,2%-ы (2 816) – 14 жасқа дейінгі балалар. Ауру көбіне екпе алмаған балалар арасында кездесуде.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 2026 жылғы 19 ақпанда эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған қаулы қабылдады.
Құжатқа сәйкес:
-
6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балаларға (жағдай тұрақтанғанға дейін);
-
Ұлттық екпе күнтізбесі бойынша вакцина алмаған 2–5 жас және 7–18 жас аралығындағы балаларға;
-
30 жасқа дейінгі екпе алмаған немесе екпе туралы дерегі жоқ медицина қызметкерлеріне иммундау жүргізіледі.
Вакцинация тек азаматтың немесе заңды өкілінің келісімімен жүзеге асады.
Сонымен қатар балаларды жоспарлы ауруханаға жатқызу талаптары күшейтіліп, ұжымдар мен әскери бөлімдерде ауру тіркелген жағдайда егілмеген адамдарды уақытша шеттету шаралары қабылданады.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/documents/details/971758?lang=kk