01info.kz- ақпараттық портал

Қызылордада жаңа Достық үйі салынуда

0 160

Қызылордада құны 3,8 млрд теңге болатын жаңа Достық үйі «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясының қолдауымен бой көтеріп жатыр. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет «Дәуірлер тоғысындағы Сыр өңірі: тарих және тағылым» атты халықаралық конференция барысында хабарлады. Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Қызылорданың астана болғанына 100 жыл толуына арналды.

Конференцияға ғалымдар, зиялы қауым өкілдері мен этномәдени бірлестіктер мүшелері қатысты. Өңірде 30-дан астам этнос өкілі тұрып, 11 этномәдени бірлестік белсенді жұмыс істейтіні атап өтілді.

Қатысушылар Сыр өңірінің ел бірлігін нығайту мен тарихи мұраны сақтау ісіндегі маңызын атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.