01info.kz- ақпараттық портал

ҚЫЗЫЛОРДАДА «МӘДЕНИЕТТЕР ТОҒЫСЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

0 7

Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен іс-шараны Қызылорда облыстық «Славяне» этномәдени орталығы ұйымдастырды. Фестивальге Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагерлері, шығармашылық ұжымдар мен “Қоғамдық келісім” КММ өкілдері және жастар қатысты.

Іс-шара қолөнер бұйымдарының көрмесінен басталып, этностардың тұрмыс-тіршілігі мен шығармашылығы таныстырылды.

Бағдарламада «Мәдениеттер тоғысы» бейнеролигі, қазақ әжелер хоры, қалалық мәдениет үйінің балалар вокалдық тобы, корей этносының барабан биі, «Сударушки» вокалдық тобының «Валенки» әні, испан биі, казак мәдениетінің таныстырылымы, қасықпен орындалған «Калинка» композициясы, Алматыдан арнайы келген қонақтардың қылышпен фланкировка өнері, Константин Луцаның «Перекресток» әні, Ира мен Гала дуэтінің қазақша әні, «Жемчужинка» тобының флешмобы, Нина Обухованың «Соловушка» әні фестивалі болды.

Фестиваль соңында қатысушылар сахнаға шығып, «Песня остается с человеком» әнін орындады. Іс-шара алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталумен аяқталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.