01info.kz- ақпараттық портал

Қызылордада ата-аналар «Келешек мектептерінің» ауласына ағаш екті

https://t.me/oqu_agartu
0 41

Қызылорда облысының ата-аналары ізгі бастама көтеріп, балалары оқитын «Келешек мектептерінің» аулаларына жаппай көшет отырғызды. Бұл шара білім ошағын абаттандырумен қатар, өскелең ұрпақты еңбекке және табиғатты аялауға тәрбиелеуді көздейді.

Ұстаздар қауымы бұл бастаманы жоғары бағалап, ата-ананың мектеп өміріне белсене араласуы баланың оқуға ынтасын арттыратынын атап өтті. Ата-аналар өз қолдарымен егілген талдардың балаларымен бірге бой түзеуін қалайды.

Осы еңбек акциясы мектеп пен отбасы арасындағы рухани байланысты нығайтып, ата-аналардың ұстаздар еңбегіне деген алғысының нышанына айналды.

https://t.me/oqu_agartu

Leave A Reply

Your email address will not be published.