01info.kz- ақпараттық портал

Қызылорда ауыр атлетикасының тізгіні Алмас Өтешовке сеніп тапсырылды

фото: oldkaz.kyzylorda-news.kz
0 29

Қызылорда облысында спорт саласында маңызды кадрлық тағайындау орын алды. Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаевтың бұйрығымен ауыр атлетикадан ересектер арасындағы облыстың аға жаттықтырушысы лауазымына белгілі спортшы Алмас Өтешов тағайындалды.

Алмас Дәулетярұлы — қазақстандық ауыр атлетиканың жарық жұлдыздарының бірі. Ол ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Азия чемпионы және Азия ойындарының күміс жүлдегері. Оның спорттық мансабындағы биік белестері мен жинаған мол тәжірибесі аймақтағы ауыр атлетиканың деңгейін жаңа сатыға көтеруге негіз болмақ.

Ендігі кезекте аға жаттықтырушының алдында үлкен міндеттер тұр. Ол облыстағы ауыр атлетиканың даму стратегиясын құруға, спортшылардың әлемдік додаларға тұрақты қатысуын қамтамасыз етуге және өңір атлеттерінің жалпы нәтижесін жақсартуға тікелей жауапты болады.

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы бұл қадам арқылы Сыр өңірінен жаңа Олимпиада чемпиондарын тәрбиелеп шығаруды көздейді.

Дереккөз: @Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.