01info.kz- ақпараттық портал

Қазақстанның түкпір-түкпірінде «Ассамблея жастары» қайырымдылық акциясын өткізуде

Фото: ҚХА баспасөз қызметі
0 28

Жаңа жыл қарсаңында еліміздің әр аймағында «Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері ардагерлерді, қарттар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды және мүмкіндігі шектеулі жандарды құттықтауда, деп хабарлайды 01info.kz

Бұл – ерекше назар мен қамқорлықты қажет ететін жандарға мерекелік көңіл күй сыйлаудың тамаша мүмкіндігі.

“Ассамблея жастары” РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев бастаған белсенді жастары Алматыда тұратын ҰОС ардагерлері Тамара Александровна мен Владимир Дмитриевичті Жаңа жыл мерекесімен құттықтап барды.

“Олар соғыстан кейінгі бейбіт өмірде де қажырлы еңбек етіп, Алматының дамуына айрықша үлес қосқан тұлғалар. Қаланың әлеуметтік және өндірістік өркендеуіне сіңірген еңбектері үшін олар ел арасында зор құрметке ие. Жеңіске жеткен ардагерлерімізді жылына бір рет қана еске алу аздық етеді, оларға мүмкіндігінше жиі көңіл бөліп, құрмет көрсету – бәріміздің азаматтық парызымыз. Мен үшін мұндай кездесулер өмірлік даналықтың, отансүйгіштік рухтың және шынайы ерліктің қайнар көзі болып табылады”, — деді Т.Джумурбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.