Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігі шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беруге қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды 01info.kz.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның шет елдердегі мекемелері ЖСН беруді ресми түрде тоқтатты.
Басты жаңалық — eResidency бағдарламасы Енді шетелдіктер Қазақстанға келмей-ақ, мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта алу үшін жаңадан енгізілген eResidency жүйесін пайдалана алады.
Бағдарлама арқылы қолжетімді қызметтер:
-
ЖСН бар цифрлық ID-карта алу;
-
Қазақстандық банктерден онлайн шот ашу және карта рәсімдеу;
-
Электрондық қолтаңба (ЭЦҚ) және сақтандыру қызметтері;
-
Қазақстандық нөмірі бар eSIM-ге, қор нарықтары мен криптобиржаларға қол жеткізу;
-
Салықтық резиденттік пен төлем эквайрингін алу.
Елшілік шетел азаматтарына барлық сұрақтар бойынша eresidency.gov.kz ресми порталына жүгінуді ұсынады.