Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сержанты Еламан Қуатов Қытайдың Луджоу қаласында өткен әуесқой аралас жекпе-жектен (AMMA) Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды 01info.kz Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
120 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Тайпей, Қытай және Өзбекстан спортшыларын қапы қалдырып, алтын медаль иеленді.
Бұл — ел әскерінің тарихында аталған спорт түрінен Азия біріншілігінде бағындырылған алғашқы белес. Сержанттың бұл жетістігі отандық армия спортының шежіресіне жаңа серпін берді.