01info.kz- ақпараттық портал

Қазақстанда мобильді аударымдарды бақылау ережесі қатайды

Фото: Ашық дереккөз
0 18

Қазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап мобильді ақша аударымдарын бақылауға қатысты талаптар күшейтіледі, деп хабарлайды 01info.kz.

Бұған дейін кәсіпкерлік қызметтің белгісі ретінде бір ғана өлшем қолданылатын: егер бір адамға үш ай қатарынан әртүрлі тұлғалардан 100 және одан да көп аударым келіп түссе, ол бақылауға алынатын еді. Енді бұл талапқа қосымша шарт енгізілді. Яғни, соңғы үш айдағы жалпы қаржы түсімі 12 ең төменгі жалақыдан (1 020 000 теңгеден) асқан жағдайда ғана мұндай операциялар бақылауға алынатын болады.

Демек, егер жеке шотқа (кәсіпкерлік мақсатта ашылмаған) үш ай бойы кемінде 100 түрлі адамнан ақша түсіп, оның жиынтық сомасы 1 020 000 теңге межесінен асып кетсе, бұл кірістер кәсіпкерлік табыс ретінде бағаланады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.