01info.kz- ақпараттық портал

Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиадаға дайындалып жатыр

фото: citec.ch
0 43

Италияның Милан–Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін 2026 жылғы Қысқы Олимпия ойындарына 10 күн қалды. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 10 түрі бойынша бақ сынап, ел намысын 36 спортшы қорғайды – 18 ер және 18 әйел.

Құраманың орташа жасы – 25. Ең жас спортшы – фристайл-акробатикадан сынға түсетін 16 жастағы Асан Асылхан, ал ең тәжірибелі – 33 жастағы шорт-тректен Абзал Ажгалиев. Фристайл-могул шебері Юлия Галышева 2018 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері және төрт рет Олимпиадаға қатысқан тәжірибелі спортшы.

Олимпиада 2026 жылғы 6–22 ақпан аралығында өтеді. Дүбірлі додаға әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысуы жоспарланған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.