Қазақстан құрамасы Доха (Қатар) қаласында стенд атудан өтіп жатқан Азия чемпионатында кезекті жүлделерге ие болды, деп хабарлайды 01info.kz ҰОК баспасөзқызметіне сілтеме жасап.
Элеонора Ибрагимова, Анастасия Прилепина және Наргиза Сарманова ел қоржынына алтын медаль салды. Отандастарымыз «трап» бағдарламасы бойынша командалық сайыста ең үздік нәтиже көрсетті.
Сонымен қатар, «трап» дисциплинасы бойынша жекелей сында да қазақстандық мергендер табысты өнер көрсетті. Атап айтқанда, Максим Бедарев пен Элеонора Ибрагимова күміс жүлдегер атанды.
Айта кетейік, бұған дейін ұлттық құрама «скит» бағдарламасынан екі алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алған болатын.