01info.kz- ақпараттық портал

Қазақстан мен XINFA GROUP: Өнеркәсіптік жаңғырудың жаңа дәуірі

фото: Павлодар обл әкімдігі сайты
0 27

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен әлемдік индустрия алпауыты «XINFA GROUP» басқарма төрағасының орынбасары Чжао Тинъюн Павлодар облысында инвестициялық көлемі 15 миллиард долларды құрайтын, аумағы 3 мың гектардан асатын заманауи өнеркәсіптік парк құрудың практикалық аспектілерін талқылады, деп хабарлайды 01info.kz  Павлодар облысы әкімдігі сайтына сілтеме жасап. 

Бұл ауқымды жоба көмір, боксит, мыс және әктас сияқты табиғи ресурстарды терең өңдеп, қосылған құны жоғары алюминий мен мыс өнімдерін шығаратын толық циклді металлургиялық өндірістерді, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздеріне негізделген энергетикалық инфрақұрылым мен экологиялық құрылыс материалдары кәсіпорындарын іске қосуды көздейді.

Кездесу барысында Чжао Тинъюн мырза Қазақстанның ресурстық базасына жүргізілген талдау нәтижесінде еліміздің өнеркәсіптік әлеуетіне жоғары баға берсе, Роман Скляр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағыты бойынша мемлекет стратегиялық инвесторлар үшін барлық институционалдық жағдайды жасап, технологиялық индустрияны дамытуды басты басымдық ретінде қарастыратынын атап өтті.

Тараптар келіссөздерді қорытындылай келе, бұл жобаның Қазақстанның өнеркәсіптік жаңғыруына қосатын үлесі зор екенін растап, ұзақмерзімді инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға және жобаны егжей-тегжейлі іске асыруға уағдаласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.