Қазақстан мен Ресей арасындағы су тасқыны кезеңіндегі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша бірлескен жұмыс тобының IV отырысы өтті. Қазақстандық делегацияны Гүлмира Имашева, Ресей тарапын Дмитрий Савостицкий басқарды.
Отырыста Жайық, Тобыл, Есіл және Ертіс өзендері бассейндеріндегі су тасқынына дайындық мәселелері талқыланды. Тараптар гидрометеорологиялық жағдайды ескере отырып, көктемгі су тасқынының болжамдары мен су қоймаларына келетін су көлемін алдын ала бағалауға негізделген тасқын суды өткізу сценарийлерін келісіп, 2026 жылғы 2 наурыздан бастап күнделікті ақпарат алмасуға келісті.
Дереккөз: https://ortcom.kz/