01info.kz- ақпараттық портал

Қазақстан мен Израиль сыртқы істер министрлері Астанада келіссөздер жүргізді

фото: СІМ
0 30

2025 жылғы 27 қаңтарда Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Гидеон Саармен ресми келіссөздер өткізді.

Кездесу барысында тараптар саяси диалогтың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, туризм, ғылым, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады. Сондай-ақ технологиялар трансфері мен іскер топтар арасындағы практикалық әріптестікті кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сапар аясында Қазақстан мен Израиль сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялардың 12-ші раунды өтті. Онда халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай және бейбіт реттеу бастамалары қаралды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша дипломатиялық кадрларды даярлау, қоғамдық дипломатия, сондай-ақ туристік алмасуларды дамыту салаларындағы ынтымақтастыққа қатысты бірқатар меморандумдарға қол қойылды. Атап айтқанда, ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату жөніндегі келісімге ниеттілік білдірілді.

Сонымен қатар екі елдің іскер топтарының қатысуымен бизнес-форум өтіп, жоғары технологиялы ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару және цифрлық технологиялар салаларындағы бірлескен жобалардың перспективалары талқыланды.

Қазақстан мен Израиль арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы орнаған. 2025 жылдың қаңтар–қараша айлары аралығында екі ел арасындағы тауар айналымы 162,4 млн АҚШ долларын құрады.

Дереккөз: СІМ баспасөз қызметі 

Leave A Reply

Your email address will not be published.