01info.kz- ақпараттық портал

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты

фото: cmn.kz
0 35

Еліміздегі демографиялық өсім қарқынды жалғасуда. 1 ақпандағы ресми деректерге сәйкес, Қазақстан халқының саны 20 518 005 адамға жетті. Статистика көрсеткендей, халықтың басым бөлігі, яғни 13,1 миллионнан астамы (64%) қалаларда, ал 7,4 миллионы (36%) ауылдық жерлерде тұрады.

Жыл басынан бері тіркелген 18,1 мың адамдық өсімнің негізгі үлесі табиғи өсімге (15,8 мың) тиесілі. Сонымен қатар, көші-қонның оң сальдосы есебінен халық саны 2,3 мыңға көбейген. Айта кетейік, Қазақстан халқының саны 20 миллиондық межені 2023 жылдың қарашасында бағындырған болатын.

https://t.me/stat_gov_kz_official/3128

Leave A Reply

Your email address will not be published.