01info.kz- ақпараттық портал

Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Баку қаласына барған делегация мүшелері Әзербайжан Милли Мәжілісінің (Парламентінің) Отбасы, әйелдер және балалар істері жөніндегі комитетінің төрайымы Хиджран Гусейновамен кездесті.

0 149

Басқосуда екі тарап та отбасы, әйел және бала мәселелеріне ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Сонымен қатар екі елдің парламенттер арасындағы байланысты тереңдету болашақта өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік беретінін де тілге тиек етті.

Өз кезегінде, қазақстандық делегация жетекшісі Жаңбырбай Матаев Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы достық пен бауырластық қатынастардың екі мемлекеттің парламент төрағаларының мақсатты және нәтижелі жұмысының арқасында нығайып, жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, алдағы уақытта бұл ынтымақтастық парламенттік диалог пен бірлескен жобалар арқылы одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.

Сондай-ақ кездесуде Маңғыстау облыстық аналар кеңесінің төрайымы Амангүл Джайлханова Президент тапсырмасына сәйкес әйелдерді қолдау, отбасы институтын нығайту мақсатында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып, “Салауатты сана” жобасының маңыздылығына да тоқталды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Этномедиация кеңесі төрағасының орынбасары, бизнес-тренер әрі кәсіби медиатор Гүлмайдан Урозбаева да сөз сөйлеп, медиация институтының қоғамдағы маңызына тоқталды. Ол Қазақстанда этномедиация жүйесі тиімді дамып келе жатқанын, оның басты мақсаты — қоғамдағы келісім мен татулықты сақтау, дауларды бейбіт жолмен шешу екенін айта келе, екі елдің осы бағыттағы тәжірибе алмасуы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға жол ашатынын атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.