01info.kz- ақпараттық портал

Қайтыс болған донордың ағзалары төрт науқастың өміріне үміт сыйлады

Ашық дереккөз
0 16

Алматы қаласындағы 4-клиникалық аурухана базасында көп ағзалық донорлық процесс өтті, деп хабарлайды 01info.kz ҚР ДСМ  сайтына сілтеме жасап.

1967 жылы туған ер адамның ми өлімі тіркелгеннен кейін, отбасының келісімімен жүрек, бауыр және екі бүйрек алынды.

Трансплантаттау бригадаларының жедел жұмысының арқасында төрт трансплантаттау операциясы жасалды:

  • Жүрек 1967 ж. туған пациентке;
  • Бауыр 1967 ж. туған пациентке;
  • Оң бүйрек 2006 ж. туған реципиентке;
  • Сол бүйрек 1990 ж. туған пациентке.

Қазіргі таңда ел бойынша 4521 пациент (оның ішінде 106 бала) ағза ауыстыруды күтуде. 2025 жылдың алғашқы 10 айында ғана 272 адам өлім салдарынан тізімнен шығарылған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының директоры Айдар Ситқазинов атап өткендей, 2025 жылы қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан тек 14 донорлық процесс жүргізіліп, 60 трансплантаттау жасалған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.