Достық үйінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, лирик ақын Күләш Ахметованың шығармашылығына арналған әдеби-лирикалық еске алу кеші өтті, деп хабарлайды 01info.kz
Шараның мақсаты – қазақ әдебиетінің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан қаламгердің шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, қазақ поэзиясының рухани-мәдени құндылықтарын дәріптеу, өскелең ұрпақтың әдебиетке, ұлттық өнер мен мәдениетке деген қызығушылығын арттыру.
Іс-шараға ҚР Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшелері, қоғам және мәдениет қайраткерлері, сазгерлер мен облыстық ҚХА мүшелері, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Әдеби кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылық жолын қамтитын мазмұнды бейнематериалдар көрсетіліп, әдеби-музыкалық композициялар ұсынылды.
К.Ахметованың сырлы лирикаға толы өлеңдері оқылып, ақын сөзіне жазылған «Жалғыз досым», «Нағашыма» секілді танымал әндерді жергілікті өнерпаздар орындады.