01info.kz- ақпараттық портал

Павлодарлық мектеп оқушысы Кремний алқабындағы Y Combinator грантын иеленді

фото: https://t.me/oqu_agartu
0 62

Павлодар қаласының 11-сынып оқушысы Игорь Мартынюк Орталық Азияда алғашқы болып әлемге әйгілі Y Combinator стартап мектебінің толық грантына ие болды. Жас дарын жасанды интеллект негізінде жұмыс үдерістерін жүйелейтін TabAI платформасын өз бетінше әзірлеген. Бүгінде бұл жобаны әлем бойынша 20 мыңнан астам адам пайдаланады.

Игорьдің жетістігі халықаралық сарапшылардың жоғары бағасын алып, стартапқа 35 мың доллар инвестиция мен Google-дың инфрақұрылымдық гранты тартылды. Y Combinator командасы жас ерекшелігіне қарамастан, Игорьдің жол ақысы мен тұру шығындарын толық өтеп, Кремний алқабына оқуға шақырды. Сонымен қатар ол ЖИ саласындағы алпауыт Cursor компаниясының ресми амбассадоры атанып, аймақта хакатондар мен митаптар ұйымдастыруды қолға алды. Алдағы уақытта жас өрен жобасын жаһандық деңгейде дамытып, Y Combinator-дың негізгі іріктеу кезеңіне қатысуды жоспарлап отыр.

дереккөз: https://t.me/oqu_agartu

Leave A Reply

Your email address will not be published.