01info.kz- ақпараттық портал

Павлодарда Аналар кеңесі «PRO_Life: қауіпсіздік аумағы» атты интерактивті форум өткізді

0 402

Достық үйінде Павлодар облыстық ҚХА Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен, облыстық Полиция департаменті мен білім беру басқармасының қолдауымен «PRO_Life: қауіпсіздік аумағы» атты интерактивті форум өтті.

Іс-шараға педагогтар мен оқушылар, №5512 және №6679 әскери бөлімдерінің қызметшілері, облыстық ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Форум модераторы — Павлодар сервис және тамақтану колледжінің басшысы, облыстық Аналар кеңесінің мүшесі, облыстық Полиция департаменті жанындағы нашақорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Г.Е.Шугабаева алғысөзінде жастар арасында қауіпсіздік, денсаулық және нашақорлықтың алдын алу мәселелері бойынша ашық диалогтың маңызын атап өтті.

Форум барысында облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Б.Ш.Максилова, облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі И.А.Тимиргалиева және №5512 ә/б ефрейторы А.А.Бейсенбай сөз сөйледі.

Іс-шара аясында Аналар кеңесі мен Павлодар қ. №48 ЖОББМ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат бірлескен профилактикалық жұмысты дамытуға бағытталған.

Форумның жеке бөлімі «Үздік мектептік наркопост – 2026» байқауына қатысушылардың бейнероликтерін көрсетуге және жеңімпаздардың шығармашылық өнер көрсетуіне арналды.

Интерактивті блиц-викторина барысында қатысушылар нашақорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелерін және бұл бағыттағы жастардың рөлін талқылады.

«Құқықтық навигатор» воркшопы аясында нақты жағдайлар қарастырылып, мамандардың түсіндірмесімен қауіпсіз мінез-құлық алгоритмдері ұсынылды.

Форум соңында қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған «Таңдау декларациясы» қабылданды.

Іс-шараның финалына барлық қатысушыларды біріктірген «Болашақ пульсі» флешмобы және есірткіге қарсы ұрандар акциясы өтті. Форум қорытындысында қатысушылар «Пікірлер қабырғасына» өз көзқарастарын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.