01info.kz- ақпараттық портал

Павлодар футбол мектептерінің үздігін анықтайды

фото: ҚФФ
0 15

Павлодар қаласында 20-25 ақпан аралығында 2013 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында футболдан «Talent ID Cup» турнирі өтеді. Жарыстың басты мақсаты — жас таланттарды анықтау және олардың кәсіби деңгейін бағалау.

Турнирге «Ертіс», «Алтай», «БЖСМ», «Елімай», «Батыр» және «Форсаж» командалары қатысады. Жарыс форматы бойынша ұжымдар екі топқа бөлінген:

  • А тобы: «Ертіс» (2013), «Алтай», «БЖСМ», «Ертіс» 1 (2014).

  • В тобы: «Ертіс» 2 (2014), «Елімай», «Батыр», «Форсаж».

Ойындар кестесі:

  • 21-23 ақпан: Топтық кезең ойындары (күн сайын сағат 11:00-ден бастап).

  • 24 ақпан: Финалдық кезең. Сағат 11:00-де 7-8 орындар үшін талас басталса, 14:30-да бас жүлде сарапқа салынатын Финалдық кездесу өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.