01info.kz- ақпараттық портал

Отаншылдықтың бір белгісі — қайырымдылық қызметі

0 1 440

НӘЗИПА ШАНАИ,

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің төрағасы:

Бүгінгі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ» тақырыбындағы сұқбаты – қоғамға қажетті ақпаратты жеткізу ғана емес, халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға нақты, шынайы жауап беру. Бұл жақсы үрдіс. Түйткілдердің түйіні тарқатылғанда ғана сенім көпірі нығайя  түседі.

Сұхбатта мемлекетіміздің болашағы үшін айрықша маңызды қағидаттарға негізделген қоғам құруға бағытталған ойларға толқталып өткім келеді.

Халық үшін өте маңызды мәселе — коммуналдық төлемдер. Оларды  көтермеу үшін Үкімет қаржы бөлетін, одан халыққа пайда жоқ, себебі БЮДЖЕТ БІЗДІҢ ОРТАҚ ҚАЛТАМЫЗ (ортақ әмиян, кошелек). Сол қалтадан кеткен қаржы әлеуметтік дамуды кері тартады – салынатын мектеп, аурухана салынбайды, тегін берілетін дәрі алынбайды деген сияқты мәселелерге әкеледі. Олай болса, біз өз қалтамызға абай болып, коммуналдық шығындарда үнемшіл болуымыз керек. Бұл — «ақылға сыйымды ой» екен. Ысырапшылдықтан бас тарту қажеттілігін өмір өзі ұсынып отыр.

Сонымен қатар, маған Швейцарияның  ірі кәсіпкерлерінің өз қаражатын өте үнемдеп жұмсайтыны және елден дараланып көзге түскісі келмейтіні туралы мысал ұнады. Қазақтың «ұлы болсаң кішік бол» деген қағидасын еске түсіріп тұр. Бұл тектіліктің белгісі. Олай болса, Мемлекет басшысы қазақтың буржуазиясы да ата дәстүрге сай өмір сүріп, басқаларға үлгі болса деген ой айтты.

«Отаншыл болу – туған еліңнің, отбасыңның игілігі үшін аянбай еңбек ету, қоқысты жинау, тал егу, табиғатты аялау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету»  екенін түсіну де, түсіндіру де қажетті іс. Осыны түсініп өскен ұрпақ елге еге бола алады.

Отаншылдықтың бір белгісі — қайырымдылық қызметі. Бұл сөз Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамындағы белсенділер, оның ішінде кәсіпкерлікпен айналысып жүрген азаматтар тарапынан халық алдындағы жауапкершілік ретінде қабылданып, жариялы/жариясыз атқарып жүрген  жұмысы.

Шын мәнінде «қоғамның игілігіне қызмет ету билік жүктеген міндет емес, мәртебелі парыз». Осы жерде «Армия жастарға қолдау көрсетіп, оларды еліміздің нағыз азаматы ретінде тәрбиелеп шығаруы керек. Командирлер әскери қызметшілерге үлгі-өнеге болуға тиіс. Әскерде әлімжеттікке, бұзақылыққа, рушылдыққа, жершілдікке орын жоқ, ондай жайттарға жол берілмейді» деген ойға тоқтағым келеді. Аналар кеңесінің жұмысының бір бағыты – әскердегі келеңсіздіктерді жоюға ықпал ету. Айта кетейін дегенім, осы жерде қоғамның да жауапкерлігі бар. Біз 18 жыл тәрбиелеген баламызды біреуге қиянат жасама, әскери борышын өтеу – жауласу емес, достасу екенін, ауызбіршілігі бар әскер ғана жеңімпаз болады, осалға иығыңды тіре деп тәрбилей алдық па? Сырттан келген жау жоқ жерде өлім орын алмау керек, аналар жыламау керек. Мәселе тек Президенттің бақылауымен шешілмейді. Жауапкершілікті әр ата-ана да өз мойнына алу керек.

Маған «әр адам полиция қызметкерлеріне ұсталып қалудан қорыққандықтан емес, өзінің және басқа адамдардың қауіпсіздігін ойлағандықтан жол ережесін сақтауға тиіс» деген сөз керемет ұнады. Бұл ұран емес, бұл өмірлік қағидат, норма, мәдениеттіліктің белгісі.

Барлық азаматтың құқығы бірдей, ешкімге ешқандай артықшылық немесе басымдық берілмейтін Қазақстаның өркениетті, әділетті мемлекет болуына барлық мүмкіндік бар. Ол үшін біз:

— «Заң үстемдігін» қамтамасыз ету, білімнің сапасын арттыру, мәдениетті болу, аянбай еңбек ету, тәртіпке бас ию және мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды өмірлік мақсатымызға айналдыруымыз керек;

— тарих жұртты дауластыратын, жауластыратын тақырып емес, керісінше, қоғамды ұйыстыратын құндылық болуға тиіс;

— азаматтарымыз бірін-бірі құрметтеп, сабыр сақтап, тәртіпті болуы қажет;

— біз болашаққа ұмтылған қоғам, біртұтас ұлт ретінде төл тарихымызды танып, оны қаз-қалпында қабылдай білуіміз керек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.