01info.kz- ақпараттық портал

Оқушыларға үзіліс кезінде де ұялы телефон қолдануға тыйым салынуы ықтимал

фото: ашық дереккөз
0 70

Қазақстан мектептерінде оқушылардың ұялы телефон пайдалануына қатысты талаптар айтарлықтай күшейтілуі мүмкін. Қазіргі қолданыстағы заңнама бойынша гаджеттерге тек сабақ үстінде тыйым салынса, Мәжіліс қарауына ұсынылған жаңа түзетулер бұл шектеуді үзіліс уақытына да таратуды көздеп отыр. Педагог мәртебесі мен білім беру мәселелеріне арналған заң жобасына сәйкес, оқушылардың смартфон қолдану тәртібін енді әр мектеп әкімшілігі емес, білім беру саласындағы уәкілетті орган (Оқу-ағарту министрлігі) нақты белгілейтін болады.

Бұл бастаманың негізгі мақсаты — мектеп ортасындағы кибербуллинг пен деструктивті контенттің таралу қаупін азайту, оқушылар арасындағы жанды қарым-қатынасты нығайту және білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Егер заң жобасы мақұлданса, оқушылар тек арнайы рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, оқу процесі кезінде (сабақта да, үзілісте де) ұялы байланыс құралдарын пайдалана алмайды.

Дереккөз: Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы(депутаттардың бастамасымен)

Leave A Reply

Your email address will not be published.