01info.kz- ақпараттық портал

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ель өмір бойына сотталды

фото: ашық дереккөз
0 22

Сеул соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ельге бүлік шығару қылмысы бойынша айып тағып, оны өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. BBC таратқан ақпаратқа сүйенген KAZ.NUR.KZ мәліметінше, бұл іс бойынша өзге де лауазымды тұлғалар жазаланған: бұрынғы қорғаныс министрі 30 жылға, ал полицияның бұрынғы бастығы 12 жылға сотталды. Сот айыпталушыларға бір апта ішінде апелляциялық шағым түсіруге мүмкіндік берді.

Бұл істің бастауы 2024 жылғы 3 желтоқсанда Юн Сок Ельдің елде әскери төтенше жағдай жариялауымен байланысты. Алайда оппозициялық күштер бұл шешімге бірден қарсы шығып, ертесіне-ақ оның күшін жойды. Осы оқиғадан кейін Сеул тұрғындары Ұлттық ассамблея алдына жиналып, президентке импичмент жариялауды талап еткен болатын. Оппозиция бұл әрекетті мемлекеттік бүлік деп бағалап, нәтижесінде 14 желтоқсанда Юн Сок Ель ресми түрде қызметінен шеттетілді. Тергеу барысында бұрынғы қорғаныс министрі президентке әскери режим енгізуге кеңес бергенін мойындап, 2025 жылдың қаңтарында Юн Сок Ельге бүлікке қатысты ресми айып тағылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.