Елордадағы «Білім-инновация» лицейінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық кездесу өтті. Оның мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен тәуелділіктерді алдын алу, заңға құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру болды.
Кездесуге қалалық Полиция департаменті мен Есірткі қылмыстарының алдын алу кеңесі ұйымдастырды. Іс-шарада спортшы Сергей Цырульниковпен интерактивті бөлім өткізілді, онда оқушылар күш қолдану құралдарын сынап көріп, спорттың тәртіпке тәрбиелейтін маңызын түсінді.
Психикалық денсаулық орталығының дәрігерлері соңғы уақытта жасөспірімдер арасында тәуелділік мәселесінің жиілеп бара жатқанын атап, дер кезінде көмекке жүгінудің маңыздылығын түсіндірді.
Белгілі актер Ерік Жолжақсынов оқушыларға өмірде дұрыс таңдау жасау керектігін, тәуелділіктердің салдары ауыр болуы мүмкін екенін айтты. Іс-шараға танымал тұлғалар: Мерей Ақшалов, Рүстем Жантенов, Мұхит Амантаев, Алибек Ермағамбетов, Нұргелді Кердеш және Сергей Цырульников қатысты, олар спорттың тәртіп пен салауатты өмір салтына ықпалын сөз етті.
Дереккөз: Астана қ. әкімдігі баспасөз қызсеті