01info.kz- ақпараттық портал

Өмірін өлеңмен өрнектеген тұлға

фото: МАМ баспасөз қызметі
0 39

ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылық мұрасына арналған «Өмірін өлеңмен өрнектеген тұлға» атты еске алу кеші өтті.

Алқалы жиынға зиялы қауым өкілдері, Жазушылар одағының мүшелері мен ақынның жақындары қатысып, қаламгердің ұлттық руханиятты байытуға қосқан өлшеусіз үлесін саралады.

Басқосу барысында Шөмішбай Сариевтің соны соқпақ салған авторлық стилі, поэзиясындағы терең пәлсапасы мен әдебиеттану саласындағы іргелі зерттеулері кеңінен талқыланды. Әсіресе, ақынның аудармашылық шеберлігінің арқасында әлемдік классиканың жауһарлары қазақ тілінде сөйлегені айрықша атап өтілді.

Шара аясында ұйымдастырылған арнайы фотокөрме ақынның ғибратты ғұмыры мен шығармашылық белестерін паш етіп, кеш меймандарына әсерлі сәттер сыйлады.

Дереккөз: МАМ баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.