01info.kz- ақпараттық портал

Олжас Бектенов экономикалық блок сарапшыларымен даму перспективаларын талқылады

фото: primeminister.kz
0 1

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов экономикалық блок сарапшыларымен кездесу өткізіп, еліміздің стратегиялық даму бағыттары мен сыртқы экономикалық тәуекелдерді талқылады, деп хабарлайды 01info.kz  primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Жиын барысында Үкімет басшысы орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру басты басымдық болып қала беретінін қадап айтты.

Кездесуге Жақсыбек Күлекеев, Расул Рысмамбетов (NAC Analytica), Жәнібек Айғазин (AERC), Алмас Чукин (Visor), Әнуар Боранбаев, Олжас Құдайбергенов (CSI), Асқар Қысықов (TALAP) және Эльдар Шамсутдинов сынды белгілі сарапшылар қатысып, жаһандық конъюнктура мен ұлттық экономиканың өсу қарқынына қатысты өз болжамдарын ортаға салды.

Талқылау өзегінде инфляцияға қарсы күрес, отандық өндірісті ұлғайту, инвестиция тарту және жасанды интеллектіні дамыту үшін энергетикалық қуаттарды арттыру мәселелері тұрды.

Сонымен қатар салық реформасы аясындағы жеңілдіктерге ерекше назар аударылып, ҚҚС шегінен асқан салық төлеушілерге әкімшілік шара қолданылмайтыны және 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін негізгі қарызын өтегендердің айыппұлдары кешірілетіні айтылды.

Жиынды қорытындылай келе, Премьер-министр сарапшылардың ұсыныстарын мемлекеттік органдарға пысықтауды тапсырып, Үкімет пен сарапшылар қауымдастығы арасындағы тұрақты диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.