01info.kz- ақпараттық портал

Олимпиада-2026: біздің шаңғышылар іріктеуден өте алмады

фото: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
0 18

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғымен тұғырдан секіруден ерлер арасындағы жарыстар басталды. 9 ақпанда қалыпты тұғырдан секіру бойынша іріктеу кезеңі өтіп, финалға үздік 30 спортшыға жолдама сарапқа салынды. Алайда Қазақстан құрамасының өкілдері бұл кезеңнен өте алмады. Данил Васильев іріктеуде 34-орынға тұрақтаса, Илья Мизерных 39-орынмен жарысты аяқтады. Осылайша, қазақстандық спортшылар финалға жолдама ала алмады. Ал іріктеу кезеңінің аралық көшбасшысы атанған Германия өкілі Филипп Раймунд ең жоғары нәтиже көрсетті. Сурет: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.

Дереккөз: ҰОК

Leave A Reply

Your email address will not be published.