Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіру жарыстары жалғасуда. 9 ақпанда әйелдер арасында 1000 метр қашықтықта жүлделер сарапқа салынып, бұл бәсекеде Қазақстан атынан үш спортшы өнер көрсетті. Отандастарымыздың ішіндегі ең үздік нәтиже Надежда Морозоваға тиесілі болды: ол 1:16.00 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, жалпы есепте 14-орынға тұрақтады. Елизавета Голубева 1:16.40 нәтижемен 19-орынды иеленсе, Кристина Силаева 1:17.57 уақыт көрсетіп, 28-орыннан көрінді. Ал алтын медальді нидерландтық Ютта Лердам 1:12.31 нәтижемен жеңіп алып, Олимпиада рекордын жаңартты. Күміс жүлде тағы бір Нидерланд өкілі Фемке Кокқа бұйырды — 1:12.59. Қола медальді жапониялық Михо Такаги 1:13.95 уақыт көрсеткішімен иеленді.
Дереккөз: ҰОК