Миссия осы айдың ортасына және аяғына жоспарланған. Бұл туралы НАСА хабарлады. Ғарышкерлер ғылыми құрал-жабдықты тексереді және жаңа байланыс блогын орнатады.
Бұл жұмыстар 7 сағатқа созылуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, былтыр маусымда америкалық ғарышкерлердің ашық кеңістікке шығу операциясы сәтсіз аяқталған еді. Бұған скафандрдың суыту жүйесінен судың ағуы себеп болды.