Танымал «Мұз дәуірі» (Ледниковый период) тележобасының жаңа маусымы басталатыны туралы ақпарат пайда болды. Sport24 басылымының хабарлауынша, жобаға барлығы 10 жұп қатысады, бұл жолы қатысушы қыздардың барлығы кәсіби мәнерлеп сырғанаушылар болмақ.
Жобаға қатысатын спортшылар тізімі:
-
Александра Трусова;
-
Анна Щербакова;
-
Алёна Косторная;
-
Елизавета Худайбердиева;
-
Александра Степанова;
-
Татьяна Волосожар;
-
Елизавета Туктамышева;
-
Евгения Тарасова;
-
Татьяна Тотьмянина;
-
Софья Акатьева.
Айта кетерлігі, әлемнің екі дүркін чемпионы Евгения Медведева жобаға қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысуды жоспарлап отыр. Ал 2018 жылғы Олимпиада чемпионы және әлем чемпионы Алина Загитова шоудың жаңа жүргізушісі болады.