01info.kz- ақпараттық портал

Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысына «Достық» ордені табысталды

фото:Аkorda.kz
0 14

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 12 ақпанда Мұсылман ақсақалдар кеңесінің және шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығының Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен кездесу өткізді. Кездесу барысында Президент халықаралық аренадағы іргелі институттардың бірі саналатын Кеңестің еліміздегі жобаларына қолдау білдіріп, гуманизм мен толеранттылық құндылықтарын дәріптеудегі ислам дінінің рөлі Қазақстан саясатымен үндес екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Орталық Азиядағы алғашқы өкілдігінің Қазақстанда ашылуын ерекше ілтипатпен атап өтіп, Мұхаммед Әбделсаламды конфессияаралық диалог пен бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Өз кезегінде Бас хатшы Қазақстанның жаһандық бейбітшілік жолындағы бастамаларын, соның ішінде Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздерге қосқан үлесін жоғары бағалап, еліміздің халықаралық ынтымақтастықтағы белсенді рөліне алғыс білдірді.

дереккөз: Аkorda.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.