Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы финалға шыққан 24 спортшы анықталды.
Қысқа бағдарламада Михаил Шайдоров 92.94 ұпай жинап, 5-орынға тұрақтады. Ал көш басында америкалық Илья Малинин (108.16), жапониялық Юма Кагияма (103.07) және франциялық Адам Сяо Хим Фа (102.55) келеді.
Еркін бағдарлама 13 ақпанда Астана уақытымен 21:00-де өтеді.
Еске салайық, Қазақстан тарихында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада жүлдесін 2014 жылы Сочиде Денис Тен жеңіп алған болатын.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1158837?lang=kk