«Жолаушылар тасымалы» АҚ Наурыз мейрамына орай жолаушылар үшін 35 мың қосымша орын ұсынады. Сұранысты қанағаттандыру мақсатында 3 қосымша пойыз тағайындалып, қолданыстағы құрамдарға 230 вагон тіркеледі.
Қосымша пойыздардың бағыттары мен кестесі:
-
№201/202 «Алматы-2 – Астана-1»: Алматыдан 20-30 наурыз аралығында (жұп күндері), Астанадан 21-31 наурыз аралығында (тақ күндері) қатынайды.
-
№204/203 «Астана Нұрлы жол – Шымкент»: Астанадан 19-29 наурыз, Шымкенттен 21-31 наурыз аралығында жоспарланған.
-
№205/206 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол»: Ақтөбеден 19-29 наурыз (тақ күндері), Астанадан 20-30 наурыз (жұп күндері) жүреді.
Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан немесе вокзал кассаларынан алуға болады. Қосымша ақпарат: 1433 нөмірі.