01info.kz- ақпараттық портал

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Мәслихаттар форумына қатысты пікір

0 2 506

ИСМАИЛОВ АКБАРЖОН ЯХИЯХОЖАЕВИЧ,

тәжіктердің Республикалық этномәдени орталығының төрағасы, ҚХА Кеңесінің мүшесі:

Мәслихаттар форумында Мемлекет басшысының сөйлеген сөзін оқи отырып, қазіргі әлемдік жағдайға қатысты айтылған ойлар ерекше назар аудартты.

Президент атап өткендей, бұдан он жыл бұрын саясаткерлер әлемнің қай бағытта дамитыны белгісіз, жаңа жолайрық алдында тұрғанын айтса, бүгінде көпшілік әлемдік соғыс қаупі туралы ашық айта бастады. Геосаяси, әскери, экономикалық, технологиялық және климаттық сын-қатерлер күшейіп, жаһандық тұрақсыздық арта түсті.

Осындай күрделі кезеңде ең маңыздысы – ел ішінде сабыр сақтап, түрлі арандатуларға ермеу. Біздің халық әрдайым парасаттылық пен жауапкершілікті жоғары қоя білген. Мемлекет басшысы да ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін саяси-дипломатиялық барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Бүгінгі таңда әлем технологиялық, экономикалық және саяси тұрғыдан түбегейлі өзгерістерді бастан өткеруде. Сондықтан Қазақстан азаматтары жаһандық дамудың көшінен қалмай, заман талабына бейімделіп, озық тәжірибеден үйренуі қажет.

Қазақстан ұлттық мүдделерін берік қорғай отырып, сыртқы саясатта стратегиялық ұстамдылық пен теңгерімді ұстанып келеді. Еліміз халықаралық кеңістікте бейбітшілікті нығайтуға, өңірлік қауіпсіздікті сақтауға бағытталған сындарлы саясат жүргізіп отыр.

Бұл бағыт – мемлекет ішіндегі реформаларды жүйелі түрде жалғастырып, еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін аса маңызды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.