01info.kz- ақпараттық портал

Мегаполистің басты мерекесі: Алматылықтар 2026 жылды Астана алаңында қарсы алды

Алматы қаласы әкімдігі сайты
0 1

Алматы қаласындағы Астана алаңында мегаполистің басты Жаңа жылдық концерттік кеші өтті. Мерекелік кеш барысында алматылықтар мен қала қонақтарына қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті, деп хабарлайды 01info.kz Алматы қаласы әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

Кеш соңында қала тұрғындары мен қонақтары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа жылдық құттықтауын тыңдап, артынша отшашуды тамашалады.

Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Алматыдағы Астана алаңына шамамен 50 мыңнан астам адам жиналып, 2026 жылды ашық аспан астында қарсы алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.