01info.kz- ақпараттық портал

Кристина Шумекова Инцелльдегі әлем чемпионатында алтын жеңіп алды

https://olympic.kz/
0 38

Кристина Шумекова Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарып, Қазақстан қоржынына алтын медаль салды.

500 метр қашықтықта сынға түскен отандасымыз 38.48 секунд нәтижемен мәре сызығын кесіп өтіп, жеке рекордын жаңартты.

Күміс жүлде канадалық Джулия Снелгровке (38.78) бұйырса, қола медаль польшалық Виктория Дабровсканың (38.96) еншісінде кетті.

Қазақстандық спортшылар арасында Анастасия Беловодова 12-сатыдан көрінсе, Варвара Глухова 13-орынға жайғасты. Алина Шумекова 30-орын алса, Айзада Рымбек 54-нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, дәл осы 500 метр қашықтықта 2010 жылғы жасөспірімдер әлем чемпионатында Екатерина Айдова Қазақстан құрамасына алтын медаль әкелген болатын.

дереккөз: olympic.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.