01info.kz- ақпараттық портал

«Кең дала 2» бағдарламасы: көктемгі егіске дайындық

Фото: Ашық дереккөз
0 19

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы қамтамасыз ету мақсатында «Кең дала 2» бағдарламасы арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ерте қаржыландыру басталды, деп хабарлайды 01info.kz  АШМ-не сілтеме жасап.

Өтінім қабылдау 1 қазанда басталып, қазіргі уақытта жалпы сомасы 149,6 млрд теңгені құрайтын 1 мыңнан астам фермердің тізімі жасақталды. Бұл ерте қаржыландыру аграрийлерге жанар-жағармай, тыңайтқыш және тұқым қорын тиімді бағамен сатып алу, сондай-ақ техниканы жөндеу арқылы келесі маусымға толық дайындыққа мүмкіндік береді.

Бағдарлама бойынша жылдық 5% жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесі көзделген, ал кепіл мәселесінде қиындықтар туындаған жағдайда, қарыз сомасының 85%-ына дейін «Даму» қорының кепілдігі беріледі.

Қаржыландыруды Аграрлық несие корпорациясы филиалдық желісі және серіктес қаржы институттары арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпаратты Agrocredit.kz сайтынан немесе 5353 (Call-орталық) нөмірі арқылы алуға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.